Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бұқар-Жырау ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директордың бос лауазымына орналасу конкурсы туралы хабарландыру
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бұқар-Жырау ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі - кәсіпорын) бақылау кеңесі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бұқар-Жырау ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі- 15.02.2024 ж. 16 сағат 00 минут (Астана қ. уақыты бойынша). Сұхбаттасу кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді (сұхбаттасу кестесіне сәйкес).
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, 100400, Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 52Б.
Кәсіпорынның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 100400, Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 52Б. Кәсіпорын директорының міндетін атқарушы кабинеті. Байланыс телефоны: 8 (72154) 21-5-57, 8-775-614-11-21, электрондық пошта:
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кең ауқымды ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі.
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.
Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
Ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігер) үшін (қосымша):
Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкес фармацевтикалық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесін ұйымдастырады және бақылайды.
Радиоизотоптық зерттеулер, радионуклидтік терапия, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндіру көлемін жоспарлайды.
Өндірістегі тәуекелдерді талдауды бақылайды және өндірілетін радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасына шолу талдауын жүргізеді.
Білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
- қазіргі басқарушылық қызметтің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
- басқарудың экономикалық әдістері және ұйымның қызметін талдау;
- медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
- денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
- халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер;
-отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар;
- төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) сертификаттау курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат) ;
- немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
- немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдарда: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ және кәсіпорынның Интернет-ресурстарында хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар: конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды электрондық түрде
Құжаттардың түпнұсқалары сұхбаттасу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам сұхбаттасудан өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.